АҚ «Казтелерадио» бүкіл Қазақстан бойынша телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуын уақытша тоқтататынын мәлімдеді. 03:00-17:00 аралығында спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық теледидар мен радионың желілері алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін өшіріледі, деп хабарлайды Orda.kz.

Ұлттық оператор алдын алу шаралары жабдықтың тұрақты және сапалы жұмысын қамтамасыз етуге бағытталғанын түсіндірді.

«Жұмыстар аяқталғаннан кейін хабар тарату әдеттегі режимде қалпына келтіріледі», — деп уәде берді өкілдер.

Биылғы наурызда біз Қазақстанда «Первый» және басқа ресейлік телеарналардың хабар таратуы өшірілгенін хабарлаған болатынбыз. Алайда Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапары күні (27 мамыр) ешқандай хабарламасыз хабар тарату қайта қосылды.