2026 жылы Қазақстанда өткен ірі іс-шараларда Tele2/Altel компаниясының мобильді базалық станциялары 50 терабайттан астам интернет-трафикті «қорытып» шығарды. Бұл көрсеткіш Full HD форматында 22 мың сағат үздіксіз стримингке немесе смартфоннан түсірілген 10 миллионнан астам сапалы фотографияға балама, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Компания өкілдерінің айтуынша, оператор жылдам интернетке арналған жабдыққа айтарлықтай инвестиция салуды жалғастырып отыр. Қазіргі таңда кез келген жаппай іс-шараны осы интернетсіз елестету мүмкін емес. Жаңа базалық станциялар Қазақстанның түкпір-түкпірінде пайда болуда, ал мықты цифрлық инфрақұрылымға бағыт ұстау басымдық болып қала береді. Жалпы алғанда, компания 2030 жылға дейін инфрақұрылымға 400 млрд теңге салуды жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз, желіні салу және жаңғырту жұмыстары қалаларда да, ауылдық жерлерде де жалғасады.

Биыл оператор басты концерттерді, опен-эйрлер мен цифрлық форумдарды қолдады. Бұл — цифрлық контентпен бөлісуге болатын және қажет болатын іс-шаралардың барлығы. Наурыз айында Tele2/Altel Астана мен Шымкенттегі іс-шараларда 5G қамтамасыз етті. Елордада Digital Nauryz 2026 өтсе, оңтүстікте — Digital Qazaqstan, Қазақстанның Ұлттық технологиялық форумы ұйымдастырылды.

Одан кейін үлкен концерттер мен опен-эйр фестивальдер маусымы басталды. Олардың ең ауқымды әрі танымалдарында Tele2/Altel 5G-интернетті қамтамасыз етті, сондықтан оператордың барлық клиенттері фуд-корттарда тамақ пен сусынға қалай төлем жасау немесе такси шақыру туралы ойланбастан, сүйікті әуендерін тыңдай алды. SOLΛNA, «Рахат Фест», Oyu fest, Toyla, Park Live, ALTAI FEST — осы іс-шаралардың барлығында оператордың мобильді станциялары шекті жүктемемен жұмыс істеп, іс-шаралардан түсірілген фото мен видеоның алушыларға лезде жетуін қамтамасыз етті.

Алматының Орталық стадионында Tele2/Altel жаңа жабдық орнатты, ол жылдың ең жарқын екі концертін — Канье Уэст пен Энрике Иглесиастің өнер көрсетуін өткізуге көмектесті. Содан кейін ұлттық оператор Астанадағы киберспорт пен физикалық спортты 8 пән бойынша сәтті ұштастырған халықаралық фиджитал турнирі — «Болашақ ойындары 2026»-ны қолдады. Ал қазан айында AI & Digital Bridge 2026 іс-шарасында байланысты қамтамасыз етті.

Заманауи инновациялық орта көбінесе инфрақұрылым мен цифрлық шешімдердің арқасында қалыптасады. Tele2/Altel үшін ауқымды ивенттерді қолдау — өсіп келе жатқан сын-қатерлерге қажетті жауап. Өйткені әрбір ірі іс-шара үшін жүктемені болжау, инфрақұрылымды күшейту, желіні концерт немесе форум талаптарына бейімдеу және пайдаланушылар ең көп шоғырланған сәтте оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету қажет. Осылайша Tele2/Altel ірі іс-шаралардағы байланыс операторы ғана емес, Қазақстанда өтетін ең ауқымды оқиғалардың технологиялық серіктесіне айналып отыр.