Telegram мессенджерінің пайдаланушылары бүкіл Қазақстан бойынша сервис жұмысындағы ірі ақауларға тап болды. Ақау шамамен 11:25-те басталып, әлі де жалғасуда, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Telegram-ның қолжетімсіздігіне шағымдар елдің әртүрлі аймақтарынан түсуде. Осыған байланысты тілші «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметіне сауал жолдады. Онда шектеулердің бар екенін және сервистің қолжетімділігінің төмендегенін растады.
«Мониторинг деректері бойынша, Франкфурт пен Мәскеудегі негізгі халықаралық пиринг нүктелерінде Telegram бағытында трафиктің күрт төмендеуі де байқалды. "Қазақтелеком" АҚ жауапкершілік аймағында авариялар, техникалық ақаулар немесе инфрақұрылым жұмысындағы ішкі бұзушылықтар тіркелген жоқ. Оператор желісі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», — деп сендірді баспасөз қызметінде.
Қалыптасқан жағдайдың себептерін анықтау үшін компания Telegram-ның әкімшілік-техникалық тобына ресми сұрау жіберді.


