Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Gram Wallet атты кіріктірілген криптоәмиянды іске қосу туралы мәлімдеді. Бұл әмиян мессенджер қолданушыларына биыл жазда қолжетімді болады деп хабарлайды infohub.kz.
Дуровтың айтуынша, бұл жеке кілттерді сақтамайтын криптоәмиянды енгізу тарихтағы ең ірі жоба болмақ. Қызмет іске қосылғаннан кейін Telegram-ның миллиардтан астам қолданушысы оны пайдалана алады.
Павел Дуров: «Биыл жазда кілтсіз криптоәмиянды ауқымды енгізу болады, бұл адамзат тарихындағы ең үлкен жоба болмақ», — деді.
Telegram негізін қалаушы сондай-ақ қолданушылар криптовалюта аударымдарын лезде және комиссиясыз жасай алатынын атап өтті.
Дуров: «Миллиардтан астам қолданушыға арналған комиссиясыз лездік криптотранзакциялар шындыққа айналды. Біз өзіміздің Gram криптоәмиянымызды ұсынамыз, ол әрбір Telegram қолданбасында қолжетімді болады!» — деп мәлімдеді.
Gram Wallet Telegram қолданбасына тікелей кіріктірілетін болжанып отыр, сондықтан қолданушыларға криптовалютамен жұмыс істеу үшін бөлек қызметтерді орнатудың қажеті жоқ. Қандай цифрлық активтер қолданылатыны және іске қосудың нақты күні әзірге жарияланбады.


