Теміртау маңындағы елді мекендердің бірінде полиция қызметкерлері 125 түп есірткі өсімдігі өсірілген жылыжайды анықтады. Оларды өсіруге күдікті ретінде 19 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды infohub.kz.

Теміртауға жақын орналасқан елді мекендердің бірінде полицейлер арнайы жабдықталған жылыжайды анықтады, онда есірткі құрамды өсімдіктер өсірілген. Іс-шара республикалық «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өткізілді.

Күдікті 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оны Теміртау қалалық полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп ұстады.

«Жеке үйдің аумағын тексеру кезінде, қосалқы жер учаскесінде және арнайы жабдықталған жылыжайда полицейлер 125 түп кенеп тұқымдас есірткі өсімдіктерін тапты. Тінту барысында шаруашылық ғимараттарының бірінен кептірілген өсімдік тектес есірткі заттары және тіркелмеген аңшы мылтығы алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті кенепті арнайы жасалған жағдайларды пайдалана отырып, өз бетінше өсірген», – деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Өсіруге тыйым салынған есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция мұндай өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау жұмысы «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жалғасатын болады.