Сабақтың тақырыбы: Теңдеу
Сабақтың мақсаты: а) Теңдеу туралы түсініктерін қалыптастыру
ә) Оқушылардың теңдеу бойынша алған білімдерін пысықтай отырып, логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін дамыту
б) Оқушылардың адамгершілік қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кеспе суреттер
Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру, логикалық есептер, дидактикалық ойындар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып қажетті құрал-жабдықтарын алғызу
Психологиялық дайындық
Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық.
Ұқыпты тыңдап сабақты,
Жақсы баға алайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Кім көп біледі?»ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтау. Гүлдің жапырақтарының артындағы сұрақтарға жауап беру
Қосудың компоненттерін ата?
Азайтудың компоненттерін ата?
Қосуды не арқылы тексереміз?
Азайтуды не арқылы тексереміз?
1-ден 10-ға дейін тура, кері санау.
Ой қозғау. «Сөзжұмбақ»
Сөзжұмбақты дұрыс шешкендеерекше торкөзден бүгінгі сабағымыздың тақырыбын оқып аламыз.
3-пен 1-дің қосындысы
Төрт түліктің бірі?
Қасқыр жыртқыш....
Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып.
*Кигіз үй бөлшегі?
*Мөлдір, түссіз, иіссіз.
Яғни бүгінгі сабағымыз тақырыбы «Теңдеу»
Мағынаны ашу
Жазуларды оқы:
10-с ----------- с+2 ------------ 7+1 ---------- с+2=3
10-с -?
С+2 -?
7+1 -?
С+2 =3 -?
Оқулықпен жұмыс
Санды өрнек: 7+3; 8-2
Әріпті өрнек: 10-а; а-3
Теңдеу 8+а =9
№1 Теңдікті жаз 3 пен 4 сандарының қосындысы 7-ге тең
6 мен 4 сандарының айырмасы 2-ге тең
3-пен а-ның қосындысы 7-ге тең
10мен а-ның айырмасы 1-ге тең
а мен 2-нің айырмасы 6-ға тең
3+а=7
10-a=1
a-2=6 --- Б Ұ Л А Р-теңдеулер
3+a=7
а=7-3
теңдеудің шешімі: a=4
№2
10-а=1 a-2=6
Теңдеуді шеш
№3 Ләззат-5 гүл
Қайрат-3 гүл
Есепке айналдыр. Шығар.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
«Ойлан тап» ойыны
с+2 =3 -------- 6+а =4
с=3-2 --------- а=6-4
с =1 ----------- а=2
ҮІ. Сабақты қорыту.
Бүгін біз сендермен нені шешуді үйрендік?
Математикалық диктант
- 6 санын 2-ге арттыр 6+2
- 10 санын 9-ға кеміт 10-9
- 5 пен 2 санының қосындысы 5+2
- 9 бен 7 санының айырмасы 9-7
ҮІІ. Үйге тапсырма.
ҮІІІ. Бағалау
Теңдеу
Сабақтың тақырыбы: Теңдеу
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз716 қаралым
#теңдеу#ашық сабақ бастауыш сыныптарына#математика 4 сынып
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

