Математика 3 сынып
Тақырыбы: Теңдеуді шешу тәсілдері
Мақсаты мен міндеттері: теңдеу шешуді қалыптастыру
1. Білімділік: мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру, теңдеу ерекшеліктерін түсіну және білімдерін тереңдете түсу
2. Дамытушылық: Салыстыру дағдысын, қорытынды жасай білу, негізгі ойды ажырата білу, өз пікірін қысқаша жеткізуді дамыту;
3. Тәрбиелік: Сыныптастарын сыйлай білуге, айналасындағыларды тыңдай білуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақ
Түрі: сын тұрғысынан оқу және жазу
Әдіс - тәсілдер:, көрнекілік, топтау, «Семантикалық карта» сызбасы.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, тұсаукесер, электронды оқулық, бейнефильм үзінділері
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Санды өрнек пен теңдеуді салыстырыңыздар: 20+50=70 х+50=70
Венн диаграммасы
ІІ. Мағынаны тану Бірлесе іздеп, талқылау
А) Ертегі оқу
Сандар мен белгілер патшалығы қайғыға тап болыпты! Өрнек отбасының бір ханшасы жоғалып кетіпті. Ханшадан еш хабар болмапты. Сонда патша жар салыпты: Кімде - кім белгісіз ханшаны тапса, соған ханшаны әйелдікке беремін және жарты патшалығымды сыйға тартамын. Көптеген патша балалары мен серілер ханшайымды тапқысы келіп іздейді, бірақ біреуі ғана ханшаны тауыпты. Ол қалай тапты екен? Қане, сіздер де тауып көріңіздер:
900: х=9
х=900: 9
х=100
Теңдеулерді шеш:
300 - а=160 -------- 240 - х=130 ------------ 680: а=10 ------------ 630: а=9
а=300 - 160 --------- х=240 - 130 ----------- а=680: 10 ----------- х=630: 9
а=140 ----------------- х=110 ------------------ а=68 ------------------ х=70
Теңдеу жайлы не білеміз? Сыр сандықтан теңдеу жайлы анықтамаларды оқыту.
Есеп 1
Жинады - 62 ұлу қабыршағын
Берді 4 досына - 5 қабыршақтан
Қалғаны – 7 қорап
Әр қорапта -? қабыршық
Ш: (62 - 4×5): 7=6
Ж: әрбір қорапта 6 қабыршақтан
Сергілті сәті
№2
(400 - 250): 5+64: 2=62
75: 3×4+65=165
(28+16): 4+55: 5=22
54: 9×3+42=60
№6 Теңдеу шешу және қорыту (өзіндік жұмыс)
ІІІ. Рефлексия
«Сиқырлы сандық»
Бүгінгі сабақта теңдеу туралы білгенімізді қайталап өтейік.
«Теңдеу» тақырыбына синкуейн құрастыру
Мысалы:
Теңдеу,
Белгісіз, қу
Ойланамыз, шешеміз, тексереміз
Әрқашан белгісізді табамыз
Теңдік
Үйге берілетін тапсырма №5, 7 187, 188 бет
Бағалау
Теңдеуді шешу тәсілдері
Тақырыбы: Теңдеуді шешу тәсілдері
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз745 қаралым
#бастауыш сынып#теңдеуді шешу тәсілдері#математика 3 сыныпқа арналған
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

