Телеиндустрияның 500-ден астам өкілі XXI ғасырдағы өздері сүйіп көретін сериалдарын таңдады. Олардың ішіндегі ең үздігі — «Во все тяжкие» («Breaking Bad»). Үздік 100 тізіміне «Игра престолов», «Чернобыль», «Офис», «Доктор Хаус» және басқа да культтік телешоулар енді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Рейтингті жасау үшін The New York Times басылымы 500-ден астам актер, шоураннер, сценарист, продюсер және телеиндустрияның өзге де өкілдерінен сауалнама жүргізді. Әр қатысушы он сериалға дейін атауға мүмкіндік алды.

Дауыс берушілердің қатарында Брайан Крэнстон, Элизабет Мосс, Адам Скотт, Роуз Бирн, Колман Доминго және Джейсон Бейтман болды. Өз нұсқаларын шоураннерлер Дэймон Линделоф («Остаться в живых»), Лена Данэм («Девочки»), Лена Уэйт («Дорогие белые») және Ноа Хоули («Фарго») да атады.

XXI ғасырдың үздік сериалы деп «Во все тяжкие» танылды. Оқиға орталығында — қорқынышты диагноздан кейін отбасын асырау үшін есірткі өндірумен айналысуға бел буған химия пәнінің мұғалімі Уолтер Уайт. Бұрынғы шәкірті Джесси Пинкманмен бірге ол біртіндеп қылмыстық әлемге бойлайды, ал жаңа өмір Уолтердің өзін барған сайын өзгертіп, басқа адамға айналдырады.

«Во все тяжкие» сериалынан кейін «Прослушка», «Безумцы» және «Наследники» тұр. Алғашқы ондыққа мыналар енді:

«Во все тяжкие» (2008–2013)

«Прослушка» (2002–2008)

«Безумцы» (2007–2015)

«Наследники» (2018–2023)

«Дрянь» (2016–2019)

«Игра престолов» (2011–2019)

«Вице-президент» (2012–2019)

«Студия 30» (2006–2013)

«Умерь свой энтузиазм» (2000–2024)

«Атланта» (2016–2022)

Үздік 100 тізіміне «Офис» (11-орын), «Чернобыль» (19-орын), «Черное зеркало» (26-орын), «Лучше звоните Солу» (27-орын), «Разделение» (30-орын), «Настоящий детектив» (35-орын), «Острые козырьки» (43-орын), «Очень странные дела» (53-орын), «Игра в кальмара» (72-орын), «Медведь» (74-орын), «Тед Лассо» (75-орын), «Декстер» (88-орын), «Олененок» (89-орын) және «Доктор Хаус» (95-орын) енді.

Айта кетейік, тізімге тек көркем драмалар мен комедиялар ғана емес, деректі жобалар мен реалити-шоулар да кірді. Тек 2000 жылдың 1 қаңтарынан кейін тұсаукесері өткен сериалдар мен шоулар ескерілді.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle Apple компаниясы Қазақстанда жеке жазылым іске қоспақшы екенін жазған болатын. iCloud+ жаңа нұсқасы бұлттық қойманы, Apple TV онлайн-кинотеатрын және Apple Arcade ойын сервисін біріктіреді. 50 ГБ базалық тариф айына 499 теңге тұрады және сериалдар, фильмдер мен ойындарға қосымша төлемсіз қолжетімділік береді.