Қытайдың Тибет автономиялық ауданында магнитудасы 7,1 жер сілкінісі болды. Жергілікті биліктің дерегінше, 16 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Синьхуа» агенттігі жергілікті төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап, 16 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. «Қытайдың Сицзан өңірінде (Тибет автономиялық ауданы — ред. ескертпесі) жер сілкінісінен кейін 16 адам қаза тауып, 32 адам жарақат алды», — делінген жарияланымда.

Алдын ала деректер бойынша, 11 адам ауыр жарақат алған. Жерасты дүмпулері 300-ден астам үйдің қирауына әкелді.

Билік келтірілген шығынды әлі де бағалап жатқаны және жер сілкінісінің салдарын жою шараларын қолданып жатқаны хабарланды.

Open Source Intel-дің X әлеуметтік желісіндегі жарияланымында Тибетте магнитудасы 7,0 жер сілкінісі кезінде кемінде 16 адам қаза тауып, 32 адам зардап шеккені, жүздеген үй құлағаны нақтыланған.

«Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сицзан автономиялық ауданындағы Нагчу қаласының Бачен уезінде болған магнитудасы 7,0 жер сілкінісінен кейін он алты адам қаза тауып, 32 адам жарақат алды», — деп келтіреді China Xinhua News қалалық төтенше жағдайлар басқармасының деректерін.