«Аспанға жету» және «Атақсыз шатақтар» фильмдерінің жұлдызы Тиль Швайгер Джеки Чанмен бірге «Доспехи Бога» фильмінің төртінші бөлігін түсіру үшін Алматыға келді, деп хабарлайды infohub.kz.

Фильмді шығаратын қазақстандық медиакомпания «Доспехи Бога: Ультиматум» түсірілім тобына танымал актердің қосылғанын растады. Компанияның мәлімдемесінде олар үшін фильмографиясында 80-нен астам картинасы бар әртіспен жұмыс істеу үлкен мәртебе екені атап өтілді. Сондай-ақ олар көрермендердің жақын арада Швайгерді Джеки Чанмен бірге экраннан көретініне уәде берді.

Еске салайық, 2025 жылдың қыркүйек айының соңында Джеки Чан Алматыға келген болатын, бұл қазақстандықтар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Кейін «Доспехи Бога» фильмінің төртінші бөлігінің түсірілімі Қазақстанда өтетіні белгілі болды. Маусым айында Маңғыстау облысында халықаралық жобаның түсірілімі басталса, шілде айында түсірілім тобы Алматыға көшті.