Тақырыбы: Тілегіміз — бейбіт күн. С. Оспанов.
Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, құрметтеуге, қорғауға, патриоттық сезімдерін дамыта отырып тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сұрақ - жауап әңгімелеу, түсіндіру.
Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.
Психологиялық сәт.
Күлімде, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін.
Күлімде, күн күлімде,
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың қызыл гүліндей,
Қолдарына ту алсын.
Күлімде, күн күлімде
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүтіндей,
Бейбіт болсын болашақ.
Мерекеге әзірленейік
Бірінші мамыр мерекесі жақындап қалды. Мәдениет үйінде мерекеге дайындық жүріп жатты. Әр ұлт өкілдері өз дәстүрлерін, өнерін көрсетуде. Мың бұралған бишілер, бір топ әншілер мен күйшілер де ат салысыпты. Біз де қарап қалмай өз өнерімізді көрсеттік. Көк аспанда көк туымыз желбіреп, бейбітшілік құстары ұшырылды. Қала әкімі сөз сөйлеп, құттықтау айтып, отшашу көрінісін тамашаладық. Бәріміздің тілегеніміз «Татулық пен, бірлік жасасын, ешқашан елімізде жаманшылық болмасын!» - деген ұрандар еді.
Сұрақ - жауап.
- Қане, балалар бір - бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдірейік.
- Бейбітшілік құсын атап беріңдерші.
- 1 – мамыр қандай мереке?
- Әңгімеде не айтылған?
- Кімдер өнер көрсетті?
Сергіту сәті.
Ақ көгершін, көгершін,
Қол қанат күс сен едің.
Бар кезіп қайт ел үшін
Кең дүниенің көлемін.
- Бейнелеу сабағымен байланыстыра отырып, Бейбітшілік күніне арнап сурет салдыру.
Қорытындылау.
Салынған суреттерден көрме ұйымдастыру.
Тілегіміз — бейбіт күн. С.Оспанов.
Тақырыбы: Тілегіміз — бейбіт күн. С. Оспанов.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1060 қаралым
#ашық сабақ#мектепалды даярлық#тілегіміз бейбіт күн#оспанов#бейбітшылік туралы#1 мамыр ынтымақ күні
Ұсынылады
Мектептерде диктант пен бақылау жұмыстары қайта оралуы мүмкін бе?
Қазақстан мектептеріндегі білімді бағалау жүйесі өзгеруі ықтимал. Оқу-ағарту министрлігі БЖБ мен ТЖБ жүйесін талдап, дәстүрлі жазба жұмыстарын қайта енгізуді қарастырып жатыр.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 31 мамыр
Мектептегі "шоу-сабақтар" білім сапасын төмендетеді: Мұғалім министрге үндеу жолдады
Белсенді педагог Айман Сағидулла аттестациялаудың жаңа ережелеріне қатысты алаңдаушылығын білдіріп, "шоу-сабақтардың" оқушыларға кері әсер ететінін айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 18 сәуір
Мектепте жаңа үш пән енгізіледі: Білім министрінің шұғыл мәлімдемесі
Қазақстан мектептерінде оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосылып, білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 15 сәуір
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

