«Оно», «Один дома» және «Шоу ужасов Рокки Хоррора» фильмдерімен танымал британдық актер Тим Карри 80 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Лос-Анджелес полициясының мәліметінше, сейсенбі кешке Норт-Голливуд ауданындағы үйден 80 жас шамасындағы ер адам туралы қоңырау түскен. Келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын растаған.
Карри 1946 жылы 19 сәуірде Англияда дүниеге келген. Оның актерлік мансабы театрдан басталып, әлемге әйгілі болуына «Шоу ужасов Рокки Хоррора» фильміндегі Фрэнк Н. Фертер рөлі себеп болды.
Кейін ол Стивен Кингтің «Оно» романының телевизиялық нұсқасында Пеннивайзды, «Разгадка» комедиясында күтуші Уодсвортты, «Легенда» фильмінде Лорд Тьманы сомдап, «Один дома» фильміне де түскен.
Карри теледидарда, театрда жұмыс істеп, дыбыстаумен де айналысқан. 2012 жылы актер ауыр инсульт алып, одан кейін денсаулығына қатысты проблемалар болған.
Актердің өлімінің себебі ресми түрде хабарланбаған.
Бұған дейін «Курсив» 80 жасында американдық кантри әншісі, актриса және ән авторы Долли Партон қайтыс болғанын жазған.


