Үш сеттегі ерік-жігерлі жеңіс қазақстандық теннисші Тимофей Скатовқа Португалияның Эшториал қаласындағы ATP 250 турнирінің екінші айналымына өтуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды infohub.kz.
Әлемдік рейтингте 163-орында тұрған спортшы негізгі торға «бақытты жеңілген» ретінде басқа қатысушының бас тартуы арқылы ілікті. Бірінші айналымда ол әлемнің 98-ракеткасы, нидерландтық Йеспер Де Йонгпен кездесті.
Кездесу 2 сағат 29 минутқа созылып, 1:6, 6:4, 6:3 есебімен Скатовтың пайдасына аяқталды. Матч барысында қазақстандық бірде-бір эйс жасамады, үш қос қате жіберді және сегіз брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.
Екінші айналымда Тимофейдің қарсыласы әлемнің 14-ракеткасы әрі турнирдің бірінші нөмірі, ресейлік Андрей Рублев болады.


