Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжанға жұмыс сапарымен барып, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) жетінші саммитіне қатысады. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Баку әуежайында мемлекет басшысын Әзірбайжан Премьер-министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.
Саммит күн тәртібінде Азиядағы қауіпсіздік пен сенімді нығайту мәселелері, көлік байланыстарын дамыту, цифрландыру және тұрақты экономикалық өсу талқыланады. Кездесу қорытындысы бойынша Баку декларациясы мен АӨСШК-ні одан әрі дамыту туралы шешімдер пакетін қабылдау жоспарлануда. Күтілетін шешімдердің бірі — Лаостың ұйымға толыққанды қатысушы ретінде қосылуы. Қазіргі таңда форум 28 мемлекетті біріктіреді.
АӨСШК-нің алдыңғы саммиті 2022 жылғы 12–13 қазанда Астанада Тоқаевтың төрағалығымен өткен болатын. Сол кезде елдер форумды толыққанды аймақтық халықаралық ұйымға айналдыру процесін бастаған еді.
Бұған дейін «Курсив» Қазақстан президентінің Бельгия королімен келіссөздері туралы жазған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялық компаниялардың Қазақстандағы жобаларының уақтылы жүзеге асырылуын жеке бақылауға алатынын уәде етті. Сонымен қатар, екі елдің сыртқы істер министрліктері 2027-2029 жылдарға арналған ынтымақтастық жол картасына қол қойды. Онда тұрақты консультациялар, ведомствоаралық байланыстарды нығайту және бірлескен бастамаларды ілгерілету қарастырылған.


