Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдердегі төтенше және өкілетті елшілерді тағайындау және лауазымдарынан босату туралы жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Мемлекет басшысының жарлықтарына сәйкес, Ералы Лұқпанұлы Тұғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалып, бұрынғы лауазымынан босатылды. Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстанның Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Сондай-ақ, президент жарлықтарымен Бейбіт Бақырұлы Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ал Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстанның Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.