Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мёнгке Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Мемлекет басшысы корей халқының ұйымшылдығын атап өтіп, жақында Сеулде өткен келіссөздерден кейін екі ел арасындағы қатынастар мүлдем жаңа деңгейге көтерілгенін еске салды.

«Жақында Сеулге жасаған сапарым барысында біз екіжақты қатынастарды болашаққа бағытталған жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне шығардық. Бұл шешім халықтарымыздың игілігі үшін достық пен берік әріптестік негізінде қазақ-корей ынтымақтастығын тереңдетуге ықпал ететініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Президент бұл дата корей халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ұйымшылдығын білдіретінін атап өтті. Ол сондай-ақ екі ел арасындағы көп қырлы ынтымақтастықтың ілгерілемелі дамуын атап көрсетті.

Тоқаев Ли Чжэ Мёнгке жауапты қызметінде табыс, ал корей халқына өркендеу мен амандық тіледі.

Еске салайық, Сеулде Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Премьер-министрі Хан Сон Сукпен кездесті. Кездесуде ол Кореямен тауар айналымын екі есеге ұлғайтуды және 2030 жылға дейінгі бағдарлама дайындауды, сондай-ақ Қазақстанда бейбіт атомды игеруді ұсынды.