Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шанхайға келді. Оны Қытайға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин шақырды, деп хабарлайды infohub.kz.
Ертең, 16 шілдеде, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздері жоспарланған. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Сонымен қатар, жетекші қытай компанияларының басшыларымен дөңгелек үстел отырысы өтеді.
Ал 17 шілдеде Қазақстан Президенті «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбындағы Жасанды интеллект бойынша дүниежүзілік конференцияға қатысады.


