Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Әскери-әуе күштерінің ұшағы Ондо штатында апатқа ұшырап, 25 адам қаза тапқанына байланысты Нигерия Президенті Бола Ахмед Тинубуға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы авиациялық апат салдарынан адам шығынына байланысты көңіл айтып, қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айту сөздерін жеткізді.

24kz дерегінше, Нигерияда әскери ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды. Соңғы мәліметтер бойынша, 25 адам қаза тапты. Құрбандарды еске алу мақсатында бүкіл елде мемлекеттік тулар төмен түсірілді.

Оқиға кеше Нигерияның оңтүстігінде болды. Ұшақ Бениннен Лагостың бағытына жоспарлы рейспен ұшқан. Бірнеше сағаттан кейін әуе диспетчерлері ұшақпен байланысын жоғалтты. Кейінірек ұшақтың жергілікті әскери-теңіз базасының маңына құлағаны расталды. Апаттың нақты себептері әзірге анықталған жоқ, тергеу жүргізілуде.