Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасы құрылғаннан бергі 77 жылдығымен құттықтады.

«Жаңару мен жаңғыртудың символына айналған бұл дата Ұлы Қытай тарихында ерекше орын алады. Өзінің бірегей дәстүрлері мен бай мәдениетін сақтай отырып, сіздің еліңіз даму мен экономикалық өрлеудің жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Қытайдың ғылым, технология, инновация және цифрлық экономика салаларындағы таңғаларлық жетістіктері бүкіл әлемнің тәнті болуын тудырары сөзсіз», — делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев достық пен тату көршілікке негізделген екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік бүгінде бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар президент биыл Шанхайда өткен кездесу өзара ынтымақтастықтың келешегіне ортақ көзқарасты нығайтып, көпқырлы өзара іс-қимылдың жаңа белестерін ашқанын айрықша атады.

Президент ҚХР төрағасына жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Қытайдың бауырлас халқына амандық пен өркендеу тіледі.