Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев брифингте елдегі цифрландыру мен жасанды интеллекттің рөлі туралы айтты, деп хабарлайды infohub.kz.
Журналистер мемлекет басшысынан цифрландыру мен жасанды интеллект қазақстандықтардың күнделікті өміріне қаншалықты әсер етіп жатқанын сұрады. Президент биылғы жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанын еске салып, бұл туралы жаңа Жолдауда толығырақ айтылатынын қосты.
«Біз цифрлық мемлекет — цифрлық қызметтер мемлекетін құрудың бірінші кезеңінен өттік. Өздеріңіз көріп отырсыздар, басқа елдермен салыстырғанда өмір айтарлықтай жеңілдеді. Үйіңізден шықпай-ақ, бұрын көп уақыт пен түрлі мекемелерді аралауды қажет ететін көптеген істерді атқара аласыз. Сондықтан бұл — цифрлық сервис мемлекеті, бұл қажетті кезең. Қазір біз екінші кезеңдеміз, мен үкіметке презентациялық кезеңде, халықаралық келіссөздер жүргізу сатысында тұрып қалмауды тапсырдым», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, цифрландыру мен жасанды интеллектті адамдарға, барлық қазақстандықтарға қызмет етуге жұмылдыру қажет. «Қарапайым тілмен айтқанда, смартфон — бұл тек ойыншық емес. Смартфон — бұл тек TikTok көретін құрал емес. Смартфон — ақша табудың құралы. Мәселені осылай қою керек. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қатысты, олар өз өңірлерінен шықпай-ақ, ауылдық жерде тұрып, бизнес жүргізу үшін заманауи технологияны пайдалана алады және пайдалануы тиіс. Міне, осы міндетті келесі кезеңде біздің үкімет атқарады», — деп атап өтті президент.


