Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тибет автономиялық ауданындағы қатты селдердің қайғылы салдарына байланысты ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Мемлекет басшысы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдіріп, хабарсыз кеткен азаматтардың отбасыларымен тезірек қауышуына үміт білдірді.

Еске салайық, кеше Қытай мен Непал арасындағы шекара өткелінің маңында көшкін жүргені белгілі болды. Си Цзиньпин зардап шеккендерді құтқаруға бар күш-жігерді жұмсауды тапсырды.

Бүгін таңертең табиғи апат құрбандарының саны 160 адамнан асты. Сондай-ақ Непал мен Қытай билігі бірнеше елдің азаматтарының хабарсыз кеткенін хабарлады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі құрбандар арасында Қазақстан азаматшасы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Біздің елдің туристі Қытайдан Непалға туристік топ құрамында шекарадан өткен.