Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық қоғамдық бірлестіктердің кейбіреуі қағаз жүзінде ғана өмір сүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Маған бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктердің қағаз бетінде ғана бар екені, тек жарқыраған «вывескалары» бар, ал шын мәнінде «Рога и копыта» кеңселері екені хабарланды. Мұндай құрылымдар азаматтардың мүддесін қорғау үшін емес, ең жақсы жағдайда — мансаптық мақсатта құрылғаны анық. Іс алаяқтық схемаларға дейін жетті. Бұған жол беруге болмайды, сондықтан мұндай деректер құқық қорғау органдарының қарауына беріліп отыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы тек мемлекеттік тапсырысты игеру үшін құрылатын ұйымдарға тосқауыл қою қажет екенін қосты.

«Елде көптеген консультативтік-кеңесші органдар жұмыс істейді, бірақ олардың жұмысы жиі бытыраңқы, ал функциялары қайталанады. Халық Кеңесі олардың үйлестіруін қамтамасыз етіп, сараптамалық әлеуетті біріктіріп, барлық ұсыныстарды жүйелеуі керек», — деп толықтырды Тоқаев.