Алматыда Төле би көшесін жалғастыру жұмыстары жалғасуда. Осыған орай Ашимов көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды infohub.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 шілде күні сағат 23:00-ден 26 шілде күні сағат 15:00-ге дейін Күлібеков көшесінен Машан көшесіне дейінгі аралық жабылады.
Әкімдік жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген стендтер орнатылатынын айтты. Еске сала кетейік, бұған дейін алматылықтарды жол жұмыстарына байланысты Құлжа тас жолындағы уақытша қозғалыс шектеулері туралы ескерткен болатын.


