Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Толық тізбек үшін Ом заңы
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Берел орта мектебінің
Физика пәні мұғалімі Абенева Гульдариға

Физика және астрономия 10 сынып
Тақырыбы: Толық тізбек үшін Ом заңы
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Толық тізбек үшін Ом заңын білу және оны тізбек бөлігі үшін Ом заңынан ажыра алу, қорытынды жасай алу.
2. Тәрбиелік: Толық тізбек үшін Ом заңын білу және түсіндіре отырып, оқушыларды ұқыптылыққа, техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауға, өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Толық тізбек үшін Ом заңын білу отырып, логикалық есептеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: өз беттерімен білім алу
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік, баяндау, әңгімелеу, тәжірибе жасау, сызба бойынша жұмыс, сұрақ бойынша ауызша айту, деңгейлік тапсырма арқылы есеп шығара алу, тақтамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: ток көзі, шам, кедергі, сызба, интерактивті тақта, кестелер, суреттер
Пән аралық байланыс: математика, сызу, денешынықтыру

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
«Үй жұмысын тексеру» Зерттеушілер елі
«Ой қозғау». Қайталау – оқу анасы.
«Бой сергіту» (сергіту сәті)
«Жаң сабақ» Зияткерлер елі
Бекіту. Зерделілер елі
Үйге тапсырма
Бағалау Зейінділер елі
Қорытынды Рефлексия

I. Ұйымдастыру кезеңі: «Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр,
Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр. (Махмут Қашғари)» (Сурет салу, тілек айту)
Топ ережесі!
1. Әркімнің өз ойы құнды.
2. Бір - бірімізді тыңдау
3. Әрбір мүше бүгінгі сабаққа атсалысу қажет

II. «Үй жұмысын тексеру».
Зерттеушілер елі « Өткізгіштерді параллельдігі бойынша тізбек құрап сол бойынша есеп шығарады.» формуласын жазады және тәжірибе бойынша есеп шығарады.
«ой қозғау». Қайталау – оқу анасы. (Сұрақ - жауап.)
«Электр тогы» дегеніміз не? Өткізгіште электр тогының бар болуы үшін қажетті шарттар.
Қандай құрылғыларды «Ток көздері» деп атайды. Ток көзіне нелер жатады?
Электр қозғаушы күш дегеніміз не? Бірлігі не?
Ток күші деп нені айтады? Оның өлшем бірлігі.
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда.
Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді?
Токтың әсерлері қандай?
Өткізгіш тізбек берілген. Тізбек неден тұрады? Қатесін анықта.
Ток көзіне бірнеше резисторлар жалғанған. Өткізгіштің жалпы кедергісі
Өткізгіш ұштарындағы кернеу 6 В, ал оның кедергісі 2 Ом, ток күші неге тең? (3А)
Егер 20 Кл заряд өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 10 с ішінде өтетін болса, ток күші неге тең?(2 А)

Зияткерлер елі «Жаңа сабақ» (оқушыларды топқа бөлу)
Мұғалімнің сөзі:. ЭҚК бар ток көзінен және ішкі кедергіден, кедергісі R болатын тұтынушыдан, К кілттен тұратын тұйық тізбекте өтетін процесті қарастырайық. Кілттің көмегімен тізбекті тұйықтағанда. оның бойынан ток күші I болатын ток өтеді. Ток көзінде Аб =qƐ бөгде күштердің жұмысы есебінен электр өрісі пайда болады. Бұл өріс сыртқы тізбекте де, (тұтынушы) Аэл1 =UR q, ішкі тізбекте де (ток көзінің ішінде) Аэл2 =Ur q зарядтың орын ауыстыруы бойынша жұмыс атқарады. Энергияның сақталу заңы бойынша Аб=Аэл1 + Аэл2 немесе qƐ = UR q +Urq, яғни Ɛ = UR +Ur.
Ɛ = UR +Ur. Бұл формуладан ЭҚК - і тізбектің сыртқы және ішкі бөлігіндегі кернеу түсуінің қосындысына тең. UR =IR және Ur=Ir болғандықтан жоғарғы формуладан I=( Ɛ)/(R+r) толық тізбек үшін Ом заңының математикалық өрнегі болып табылады. Оқылуы: тұйық тізбектегі ток күші ток көзінің электр қозғаушы күшінің шамасына тура пропорционал, тізбектің ішкі және сыртқы кедергілерінің қосындысымен анықталатын толық кедергіге кері пропорционал.
Толық тізбек үшін Ом заңының екі шекті жағдайы:
Сыртқы тізбектің R кедергісі ток көзінің кедергісінен көп үлкен болсын (R >> r), сонда I=( Ɛ)/R немесе Ɛ = IR, яғни Ɛ = R және Бұдан сыртқы тізбектегі кернеу шамамен ток көзінің ЭҚК - іне тең екенін көреміз.
Сыртқы тізбектің кедергісі нөлге тең R = 0болса, I=( Ɛ)/(R+r) сәйкес I=( Ɛ)/r = max Бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп аталады. Қысқа тұйықталу кезінде тізбектегі ток күші ең үлкен мәнге жетеді, ал сыртқы тізбектегі кернеудің түсуі нөлге ұмтылады.( R 0) Демек электр өрісінің жұмысы ішкі тізбекте (ток көзінің ішінде) жасалады. Қысқа тұйықталу кезінде ток күші өте үлкен, сондықтан оның ток көзінің істен шығуына қауіп тудыратынын есте ұстау керек.

Бекіту сұрақтары.
Қандай тізбек тұйық тізбек деп аталады.
Тұйық тізбек бойынша өтетін ток қандай заңға бағынады.
толық тізбек үшін Ом заңы мен тізбек бөлігіне арналған Ом заңының физикалық мәні неде?
толық тізбек үшін Ом заңын екі жағдайын айта кетейік
қысқа тұйықталу кезінде үйдегі шамдар сөніп қалады неге?

V. Зерделілер елі
Есеп: 19 жаттығудың 2 - шісі бір оқушы тақтада қалғаны ойын
Ойын: « «5»тік кімге бұйырады» ойыны
VII. Үйге тапсырма §9, 5. 19 жаттығу - 3 Р №806, 807, 808
VIII. Зейінділер елі Бағалау
IX. Қорытынды Рефлексия

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама