- 02 ақп. 2017 00:00
- 273
Тоңазытқышта сақтауға болмайтын 14 азық-түлік
Төмен температурада бұзылып қана қоймай, пайдалы қасиеттерін жоғалтып, түрі мен дәмі өзгеретін өнімдер бар. Бұл орайда тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түлік тізімін ұсынамыз.
Авокадо
Егер толық піспеген авокадоны тоңазытқышта сақтасаңыз, жеміс жұмсара түскенімен, қабығы арқылы ылғал сіңіреді. Осы себепті оны тоңазытқышта сақтамағыныңыз жөн.
Картоп
Картоп та суық сүймейітн көкөністер қатарынан. 7 °С-ден төмен температурада тәтті дәмге ие болады. Ал мұндай картопты пісірген кезде, құрамындағы канцерогенді акриламдид мөлшері артады. Аталған көкөністі сақтаудың тиімді әдісі – қағаз пакетке салып, салқын жерге қою.
Шоколад
Төмен температурада сақталған шоколад бетінде ақ түсті қабыршақ пайда болады. Себебі суық салдарынан сахароза кристаллдар шоколад бетіне шыға бастайды. Нәтижесінде тәттінің бұл түрі дәмін жоғалтып, түрі өзгереді.
Тропикалық жемістер
Тропикалық жемістер төмен температурада сақталғанда шіри бастап, зиянды заттар бөледі. Дұрысы оларды қағазға орап, бөлме температурасындағы құрғақ жерде сақтау керек.
Райхан
Жұлынған гүл сияқты, райханды да тамырын суға салып сақтау қажет. Тоңазытқышта сақталғанда жапырағы солып, хош иісі жоғалады. Сонымен қатар тоңызытқыштағы өзге тағамдар иісін сіңіріп алады.
Үрме бұршақ
Суықтың әсерінен үрме бұршақтың түрі ғана емес, пайдалы қасиеттері де бұзылады. Сондықтан дұрыс сақтау үшін, мұздатып қойған жөн.
Пияз
Тоңазытқыштағы ылғал салдарынан пияз балғындығын жоғалтып, жұмсарып, тез бұзылады. Оған қоса шамадан тыс ылғал зиянды бактриялардың пайда болып, көкөністің көгеруіне сеп болады.
Кофе
Егер кофе тағамдар иісін сіңіріп алғанын қаламасаңыз, оны тоңазытқышқа қоймаңыз. Ол суық пен ылғал себептерінен хош иісін жоғалтады. Дұрысы кофені қараңғы, құрғақ әрі салқын жерде сақтаңыз. Ал ұзақ уақыт сақтағыңыз келсе, мұздатқышқа салып қойыңыз.
Зәйтүн майы
Зәйтүн майын +12-16 °С температура аралығында сақтау керек. Ал тоңазытқышта қатпарланып, тұнба түзілуі мүмкін. Сонымен қатар майдың сұйықтан қою күйге өзгеруі ықтимал.
Бал
Тоңазытқыштағы суық пен ылғал кристаллдануына ықпал етіп, бал өзіндік құрылымын, дәмін және пайдалы қасиеттерін әдеттегіден жылдам жоғалтады. Дұрыс сақталған балдың жарамдылық мерзіміне шек жоқ. Ол үшін құтыға салып, қақпағын мығым жауып, бөлме температурасында, қараңғы жерде сақтаңыз.
Қызанақ
Қызанақтар тоңазытқышта дәмдік сапасын жоғалтады. Себебі суық ауа көкөністің пісу процесін тежейді. Мұнымен қоса суық әрі ылғал ауа қызанақ мәйегінің құрылымына әсер етеді.
Нан
Кей әйелдер нанды тоңазытқышта сақтайды. Алайда мұның салдарынан нан жылдам қатып қалады. Сондықтан артық қалған нанды кептіріп, қытырлақ нан жасағаныңыз абзал.
Баялды
Қызанақпен туыстас баялдыға да төмен температура жағымсыз әсер етеді. Тоңазытқышта сақтағанда дәмін жоғалтып, жылдам солады әрі дақтар пайда болады. Сондықтан бұл көкөністі бөлме температурасында сақтағаныңыз дұрыс.
Банан
Тоңазытқышта сақталған банан жылдам қараяды. Егер дүкеннің жеміс сатылатын бөлімінен қарайған банан көрсеңіз, ол жемістің піскендігінің белгісі емес. Демек жеміс тасымалдаған кезде дұрыс сақталмаған.