Қазақ тілі 3 - сынып (орыс мектебі)
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік
Сабақтың мақсаты: Төрт түлік малдың, олардың төлдерінің атауын үйрену
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: төрт түлік түрлерімен олардың төлдері туралы мәлімет алу, олардың пайдасын білу.
Дамытушылық:
Тәрбиелік: үй жануарларын күту, оларға қамқор болу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жаттығу, анализ – синтез, «балық қаңқасы»
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, АКТ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
А) Амандасу
- Сәлеметсіңдер ме?
- Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Ә) Кезекшімен сұхбат.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
- Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырыпты өтіп едік?
- Табиғат.
- Дұрыс. Ал табиғат деген не?
- Жер, су, ауа, жануар, тау, құбылыстар, күн...
- Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар, табиғат тақырыбына байланысты мына сөзжұмбақты шеше қойыңдар.
1. Природа
2. Весна
3. Радуга
4. Облако
5. Гора
6. Цветок
7. Двор
8. Апрель
9. День
- Балалар, сөзжұмбақ ішінен қандай сөзерекшеленіп тұр? Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ?
- Төрттүлік.
- Иә.
ІІІ. Жаңа сабақ.
3. 1. Жаңа сабақты жариялау, мақсатымен таныстыру.
3. 2. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіру.
3. 3. 1 - жаттығу. 153 - бет. Мәтінді түсініп оқы, аудар, сұрақтарға жауап бер.
3. 4. 2 - жаттығу. «Балық қаңқасы» оқыту техникасын пайдалана отырып, төрттүліктің төлін жаз.
түйе сиыр қой жылқы ешкі
3. 5. 3 - жаттығу. Сәйкестендір.
Түйем аңырайды.
Жылқы боздайды.
Сиыр маңырайды.
Қой кісінейді.
Ешкі мөңірейді.
3. 6. 4 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1.... – бие сүтінен жасалатын сусын. 2.... – түйе сүтінен жасалатын сусын. 3.... – ұйытылған сүт. 4. Сүттен... жасалады.
Керекті сөздер: май, шұбат, айран, қымыз.
3. 7. 5 - жаттығу. 155 - бет. Ұйқасын тап, жатта.
Моп - момақан өзі.
Сүп - сүйкімді.... (қозы)
ІV. Сабақты бекіту.
Дұрыс Бұрыс
Қойдың төлі – бұзау.
Төрт түлік пайда әкеледі.
Сүттен ет жасалады.
Теріден қалам жасайды.
Шұбат - түйе сүті.
Қымыз – сиыр сүті.
VІ. Үйге тапсырма. 5 - жаттығу, 155 - бет, сөз жаттау.
VІІ. Бағалау.
VІІ. Рефлексия.
Білемін! Не білдім Білгім келеді?
Төрт түлік мал
Қазақ тілі 3 - сынып (орыс мектебі)
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз569 қаралым
#төрт түлік мал#қазақ тілінен сабақ жоспары
Ұсынылады
Жасанды интеллект және қазақ тілі: Талғарда маңызды жиын өтті
Талғар ауданында жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздің тағдыры мен рухани құндылықтар мәселесі талқыланды. Жиында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қаралды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 19 наурыз
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

