Жапонияның Toyota автөндірушісі Factory Upgrade зауыттық жаңарту бағдарламасын кеңейтіп, енді 20 жасқа дейінгі көліктерді қамтиды. Бұл ескі көлік иелеріне жаңа автокөлік сатып алмай-ақ заманауи жабдықтарды орнатуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бағдарлама Toyota мен Lexus-тің бірқатар үлгілеріне, оның ішінде 2004 жылғы бесінші буын Toyota Hiace және 2014 жылғы бірінші буын Lexus NX-ке қолданылады. 2015 жылғы Toyota Prius немесе 2017 жылғы Camry иелері жаңа үлгілерде қолданылатын заманауи мультимедиялық жүйені орната алады.
Бұл қызмет 2023 жылы Kinto Factory деген атпен пайда болған еді, енді ол Factory Upgrade деп аталып, үлгілер мен жаңарту нұсқаларының тізімі кеңейтілді. Мультимедиадан бөлек, кейбір GR үлгілері мен Lexus IS седаны үшін көлік сипаттамаларын жақсартатын зауыттық пакеттер қолжетімді.
Әзірге бағдарлама тек Жапонияда жұмыс істейді. Toyota оны басқа нарықтарға шығару жоспары туралы хабарлаған жоқ.
Компанияның бұл шешімі ерекше болып көрінеді. Toyota шын мәнінде кейбір клиенттердің сүйікті көлігін сақтап қалғысы келетінін, бірақ сонымен бірге заманауи технологияларды пайдаланғысы келетінін мойындады. Бұл жоба бағасы өсіп келе жатқан жаңа үлгілердің сатылымын ынталандырумен қатар, өз үлгілерінің қызмет мерзімін ұзартқысы келетін басқа автөндірушілерге де үлгі бола алады.


