АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының қысқы уақытқа сағат ауыстыру тәжірибесінен бас тартуын қолдады. Оның айтуынша, бұл рәсім американдықтарды әдеттегі өмірлік ырғағынан шығарады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлағандай, Ақ үйдің басшысы бұл мәлімдемені журналистермен сұхбаттасқан кезде жасады. Оның сөзінше, уақытты ауыстыру көптеген азаматтың өміріне кедергі келтіріп, олардың тепе-теңдігін бұзады және өзінің айтуынша, «дискомбобулирующий» әсер береді.

Осы сөзді айтқан соң Трамп сағат ауыстырудың әсерін «discombobulator» деп аталатын жаңа құпия дыбыстық қарумен салыстырды. Оның тұжырымы бойынша, АҚШ әскерилері жыл басында Венесуэладағы операция кезінде осы қаруды қолданған.

«Адамдар жарықты қалайды. Олар барып сағат ауыстырғысы келмейді. Жарты жыл бұрын мен де солай істедім. Маған сағат ауыстыру ұнамайды, бәрі кешігеді. Бұл барлығын дискомбобулирует», — деді АҚШ президенті Ақ үйдегі баспасөз конференциясында журналистерге.

Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында АҚШ президенті болып қайта сайланғаннан кейін Дональд Трамп елде жазғы уақытқа көшуді жою жоспарлары туралы да айтқан. Оның пікірінше, бұл мемлекетке қымбатқа түседі.