АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытайда қарашада өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммитіне қатысатынын растады. Бұл туралы ол Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Барамыз. Көп нәрсені талқылаймыз», — деді Трамп Си Цзиньпинмен кездесуде.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путин мен Дональд Трамптың жеке кездесуі қарашада АТЭС саммиті аясында өтуі мүмкін екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, екі көшбасшы бір іс-шараға қатысса, олардың келіссөздері сөзсіз болады.

Сондай-ақ бірнеше күн бұрын Ақ үй басшысы Путинмен тағы бір кездесу өткізуі мүмкін екенін айтқан.

Бұған дейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге Ресей — АҚШ — Украина арасындағы үшжақты келіссөздер жақын арада өтуі мүмкін екенін, бірақ нақтылық жоқ екенін хабарлаған. Сол уақытта АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Марко Рубио Владимир Путинді Майамидегі «Үлкен жиырмалық» (G20) саммитіне ресми түрде шақырды. Ал Украина Президенті Владимир Зеленский Майамиде оның Трамппен және Путинмен кездесуі мүмкін екенін жоққа шығармады.