АҚШ президенті Дональд Трамп CNN телеарнасының, MS NOW және Politico басылымының тілшілеріне Ақ үйге баруға тыйым салды. Себебі ретінде ол бұл бұқаралық ақпарат құралдарының американдық әкімшіліктің жұмысы туралы жалған мәлімет таратқанын атады, деп хабарлайды Reuters, ол туралы infohub.kz сайты жазады.
Мемлекет басшысы өз шешімін жұма күні жариялады. Оның айтуынша, БАҚ өзі жалған деп санайтын материалдарды жарияламауы тиіс.
«БАҚ АҚШ президентінің, Трамп әкімшілігінің немесе Америка Құрама Штаттарының қызметін жариялаған кезде үнемі ЖАЛҒАН мен ӨТІРІК жазуға немесе таратуға мүмкіндік алмауы керек. Басқа да жалған БАҚ оның үлгісін ұстануы тиіс», — деп жазды Трамп.
Америка көшбасшысының шешіміне сөз бостандығы мен баспасөз бостандығына кепілдік беретін АҚШ Конституциясының Бірінші түзетуіне қайшы келеді деген негізбен сотта дау ашуы мүмкін.
CNN, MS NOW, Politico және Ұлттық баспасөз клубы президенттің мәлімдемесіне әзірге пікір білдірген жоқ.
Трамп бұған дейін де телеарналар мен өзге БАҚ-ты оның әкімшілігі туралы жарияланымдары үшін сынаған. Ол телеарналарды өзін келекелейтін немесе сынайтын жаңалық және юморлық бағдарламаларды эфирден алып тастауға бірнеше рет шақырды. Сонымен қатар президент Федералдық байланыс комиссиясына осындай контент шығаратын телеарналардың лицензиясынан айыруды ұсынды.
Бұған дейін Трамп әкімшілігі Associated Press агенттігінің тілшілерінің президент іс-шараларына қатысуын шектеген. Себебі агенттік Мексика шығанағының орнына мемлекет басшысы американдық мемлекеттік ведомстволар үшін енгізген «Америка шығанағы» атауын қолданудан бас тартқан.


