АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Еуропалық одақпен сауданы толығымен тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұған Канадаға ЕО-ның алғашқы ассоциацияланған мүшесі болу ұсынысы себеп болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қарсаңында Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Канадаға Еуропалық одақтың алғашқы ассоциацияланған мүшесі болуды ұсынған еді. Америка көшбасшысының реакциясы қатал болды.

«Мен мұны күлкілі деп санаймын. Егер олар (ЕО билігі. — ред. еск.) осылай істесе, мен мұны досқа жат қадам деп есептесем, өте жоғары баж салығын енгіземін немесе Еуропамен сауданы тоқтатамын. Ниет жақсы болса, бәрі жақсы. Ниет жаман болса, Еуропаға өте жоғары баж салығын саламыз, бұл — бір нұсқа», — деді Трамп.

Еске салайық, тамыз айының соңында Канада премьер-министрі Марк Карни АҚШ-қа қарсы «долларға доллар» мөлшерінде қарсы баж салығын енгізетінін мәлімдеген. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп Канаданың саясатын сәтсіз деп атап, ел басшылығын, оның ішінде премьер-министр Марк Карни мен Онтарио провинциясының премьері Даг Фордты құзыретсіз деп бағалады.

27 тамызда Трамп АҚШ-та Онтарио көлінің атауын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Канада премьер-министрі Марк Карни бұған жауап ретінде Онтарио атауының 400 жылдан астам тарихы бар екенін айтты. Карни бұл атау Канада конфедерациясы құрылғанға және Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік декларациясына дейін де болғанын атап өтті.