АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иранға қарсы әскери операция бастаудан басқа амалы болмағанын және оны «тағы 100 рет» қайталауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
WABC радиостанциясына берген сұхбатында американдық көшбасшы Тегеранның ядролық қаруға ұмтылысына байланысты АҚШ күш қолдануға мәжбүр болғанын түсіндірді. «Мен мұны істегенімнің себебі — бізде басқа амал жоқ еді. Мен мұны тағы 100 рет қайталайтын едім. Оларда ядролық қару болуы мүмкін емес, және оларда ядролық қару болмайды», — деп атап өтті Трамп.
Бұған дейін Ақ үйдің басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде Ормуз бұғазының картасын «АҚШ-тың жаңа аумағы» деген жазумен жариялаған еді. Бұған жауап ретінде Иран СІМ басшысының орынбасары Казем Гарибабади Тегеран АҚШ президентінің «қате түсініктерін түзететінін» мәлімдеді.
Сонымен қатар, Трамп қазіргі уақытта АҚШ пен Иран арасында келіссөздер жүргізілмейтінін және жоспарланбайтынын айтты. Өз кезегінде Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф Трамп әкімшілігін сынға алып, оларды «сайқымазақтар» деп атады.


