АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалған шабуылды тоқтатып, Вашингтон мен Тегеран арасында алдағы келіссөздер болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

РИА Новостидің мәліметінше, келіссөздер дүйсенбіде өтуі тиіс. Бұл туралы Ақ үйдің басшысы ұшу кезінде журналистерге айтты. «Қазір біз олармен келіссөз форматында диалог жүргізіп жатырмыз. Олар ертең басталады», — деді Трамп 2 тамызда.

Америка көшбасшысы кездесуге кім қатысатынын және оның қайда өтетінін нақтыламады, сондай-ақ келісім жасау мерзімін атамады. Дегенмен, Трамп Ормуз бұғазы бойынша келісім дайындалып жатқанын, оның айтуынша, одан кейін Иранды ядролық қарусыздандыру туралы келісім болатынын мәлімдеді.

Ақ үйдің басшысы сондай-ақ Иранға тағы бір соққы жасаудан неге бас тартқанын түсіндірді. «Мені Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар және Иран өтінді... Біз қалаған кезде кез келген уақытта бастауға дайынбыз», — деді ол.

Дональд Трамп Таяу Шығыс елдерінің өтініші бойынша Иранға соққыларды тоқтату туралы бұйрық бергенін және Ормузға қатысты жаңа келісім жасау мүмкіндігін білдіргенін айтты. Кейін Иран АҚШ президентінің Ормуз бұғазы туралы келісімге байланысты Иранға соққыларды тоқтатқаны туралы мәлімдемесін жоққа шығарды.