Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Трамп Израиль мен Иранға наразылығын білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Гаагадағы НАТО саммитіне барар алдында журналистерге мәлімдеме жасап, Израиль мен Иранның атысты тоқтату келісімін бұзғанын айтты.

Трамптың сөзінше, тараптар бірнеше сағат бұрын ғана атысты тоқтатуға келіскен, алайда көп ұзамай Израиль Иранға қарсы әрекет еткен. Осы себепті АҚШ президенті екі елдің де әрекетіне разы емес екенін ашық білдірді.

Сонымен қатар, Трамп Иранның ядролық мүмкіндіктері жойылғанын мәлімдеп, бұл АҚШ тарапынан жасалған қысым мен әрекеттердің нәтижесі екенін айтты.

Бұл мәлімдеме Таяу Шығыстағы шиеленіс ушығып тұрған тұста жасалды. Сарапшылар тараптардың бір-біріне сенімсіздігі мен келісімді сақтамауы өңірдегі жағдайды одан әрі күрделендіруі мүмкін екенін ескертіп отыр.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама