АҚШ президенті Дональд Трамп Канаданың орман өртінен шыққан түтін американдық қалаларды тұмшалағаны үшін жаза қолдану туралы шешім қабылдағанын, бірақ егжей-тегжейін айтпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Президенттік ұшақта журналистер американдық көшбасшыдан көрші елге қатысты қандай шара қолданатынын анықтағанын сұрады. «Иә», — деп қысқа жауап берді Трамп.
Саясаткер егжей-тегжейге тоқталмай, ақпарат кейінірек белгілі болатынын ғана айтты.
Бұған дейін Трамп Канадаға қарсы баж салығын енгізетінін айтып, мұны орман өртінің түтінімен байланыстырған еді. Ол сондай-ақ канадалық билікті өрттің алдын алу үшін қажетті шараларды әдейі қабылдамады деп айыптаған.
Американдық көшбасшының айтуынша, өрттің салдары АҚШ-қа миллиардтаған доллар шығын әкелді.


