Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп жұбайы Меланияға Украина мен Ресей арасындағы атысты тоқтатуға қол жеткізу жолындағы күш-жігері үшін ашық түрде алғыс айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ақ үйде өткен іс-шарада сөз сөйлеген АҚШ көшбасшысы жұбайына жылы лебізін білдірді. «Сен Ресей мен Украинадағы қаншама адамға көмектестің: қысқа мерзімді бейбітшілікке, қысқа мерзімді атысты тоқтатуға қол жеткізіп, жақында ештеңе қалмайтын аудандардан жүздеген адамды алып шықтың. Сондықтан мен саған бүкіл ел атынан алғыс айтқым келеді. Сен керемет жұмыс атқардың. Рақмет, қымбаттым. Тамаша жұмыс», — деді Трамп.

Еске салайық, 23 қазанда Мелания Трамп Ресей мен Украина арасында Алешкиде гуманитарлық операция жүргізу үшін ұрыс қимылдарын уақытша тоқтату туралы келісімге қол жеткізгенін мәлімдеген еді. Кейін ол Алешкидегі гуманитарлық миссияның өзі туралы айтып, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың тезірек аяқталуын тіледі.

Қараша айының басында АҚШ көшбасшысының жұбайы Ақ үйде Ресей мен Украина өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізіп, онда Владимир Путин мен Владимир Зеленскийге жеке хабарламаларды тапсырды.

Бірнеше күн бұрын Трамп Ресей Федерациясы мен Украина арасында неғұрлым ауқымды атысты тоқтатуға дайындық жүргізіліп жатқанын мәлімдеген. Ал одан сәл бұрын Мелания Трамп Ресей мен Украина Рождествоға дейін жаңа атысты тоқтату туралы келісімге келе алатынын атап өткен болатын.