Дональд Трамп, Владимир Путин және Си Цзиньпин алғаш рет бір залда қатар тұрды: АҚШ, Ресей және Қытай көшбасшылары 18 қарашада өткен АТЭС саммиті қонақтарына арналған салтанатты қабылдауда бас қосты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қабылдау Қытай Халық Республикасы төрағасының атынан ұйымдастырылды. Кездесу барысында президенттер қол алысып, қысқаша әңгімелесті.
Дастарқан басында Владимир Путин мен Дональд Трамп Си Цзиньпин мен оның жұбайының оң және сол жағынан орын алды. Қабылдау Футянь ауданындағы Шэньчжэнь халықаралық коммуникация орталығында өтті.
Әлем көшбасшыларының кездесуі түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тез тарап кетті.


