АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясымен 30 жылға есептелген ядролық келісімді мақұлдады. Келісімнің құны ондаған миллиард долларға бағалануда, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
The Wall Street Journal басылымы Трамп әкімшілігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап, Ақ үй басшысы патшалықта азаматтық ядролық бағдарламаны дамытуды көздейтін маңызды келісімге жасыл шам жаққанын хабарлайды. Құжат Сауд Арабиясы аумағында уранды байытуға жол ашуы мүмкін.
"Президент Трамп Сауд Арабиясымен маңызды келісімді ресми түрде мақұлдады, бұл елге азаматтық ядролық бағдарламаны қамтамасыз етіп, патшалық аумағында уранды байытуға есік ашуы мүмкін", — деп басылым президенттің айналасындағы шенеуніктерден дәйексөз келтіреді.
Келісім аясында егер екі жақ та Сауд Арабиясында уран байыту қондырғыларын салуды қажет деп тапса, американдық компаниялар бұл жұмыстарды орындауға міндетті болады. Сонымен қатар басылым дереккөздері мұндай келісімде АҚШ үшін қауіпсіздік кепілдіктерінің жоқтығына алаңдаушылық білдіреді.


