Америка Құрама Штаттары мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастар тарихтағы ең жоғары деңгейге жетті. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ақ үй басшысының айтуынша, екі мемлекеттің саяси жүйелері өзгеше болғанына қарамастан, оның екінші президенттік мерзімінде Вашингтон мен Пекин арасындағы байланыс бұрын-соңды болмаған деңгейде нығайған.

«Си Цзиньпин мырза екеуміз де түрлі жүйелерді ұсынатынымызды түсінеміз. Бірақ халықтарымыздың арасындағы байланыс берік, біз бұрын-соңды мұншалықты жақсы тіл табыспағанбыз», — деп келтіреді Трамптың сөзін РИА Новости.

Өз кезегінде Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин американдық көшбасшымен келіссөздерді шынайы әрі терең деп сипаттап, тараптар көптеген мәселе бойынша өзара түсіністікке қол жеткізгенін атап өтті.

«Бүгін мен президент Дональд Трамппен ашық әрі терең пікір алмастым, оның барысында көптеген жаңа ортақ түсінікке қол жеткіздік, Қытай мен АҚШ арасындағы сындарлы әрі тұрақты стратегиялық қатынастардың мазмұнын байыттық және қатынастарға жаңа стратегиялық бағдар бердік», — деді ол.