АҚШ президенті Дональд Трамп Украина бойынша бейбіт келісімді Майамидегі Trump National Doral гольф-кешенінде өтетін «Жиырмалық» саммитінде жасасуға үміттеніп отыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
NUR.KZ-тің The Atlantic-ке сілтеме жасап хабарлауынша, басылым дереккөздерінің айтуынша, Америка көшбасшысы Украина бойынша бейбіт келісімнің дәл 14–15 желтоқсанда Майамидегі Trump National Doral гольф-кешенінде өтетін G20 саммитінде жасалуын қалайды.
The Atlantic сұхбаттастары Трамптың бейбіт келісімге қол қойылуы кезінде Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің арасында делдал рөлінде болуды көздеп отырғанын атап өтті, «тіпті Украинаға қысым жасауға тура келсе де».
Журналистермен анонимді түрде сөйлескен бір украин шенеунігі Украина тарапы елдің болашағын айқындайтын шешімдер қабылдаудан шеттетіліп қалғанын сезінетінін мәлімдеді.
«Мұның бәрі біздің қатысуымызсыз болып жатқандай көрінеді», — деді ол.


