АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Украина-Ресей соғысына қатысты пікір білдіріп, Зеленский мен Байденді сынға алды. Оның айтуынша, бұл қақтығыс мүлде болмауы тиіс еді.

— “Зеленский әрдайым зымыран сатып алудың мүмкіндігін іздейді. Егер сен өзіңнен 20 есе үлкен елмен соғысуды бастасаң, алдымен жеңетініңе сенімді болуың керек. Кейін ‘аз-маз зымыран беріңдер’ деп үміттену — бұл дұрыс тәсіл емес,” — деді Трамп.

Ол Ресей мен Украина арасындағы даулы мәселені өзі шешуге уәде етті:

— “Мен Путинге соғысты тоқтату үшін дедлайн қоямын. Біз Украина мен Ресей мәселесін шешеміз,” — деді ол.

Трамп соғыстың басталуына бірнеше тарапты кінәлады:

— “Бұл соғысты Байден де тоқтата алатын еді. Зеленский де тоқтата алатын еді. Ал Путин мүлде бастамауы тиіс еді. Сондықтан барлығы белгілі бір деңгейде кінәлі,” — деді Трамп.

Сондай-ақ, ол Владимир Зеленскийдің қабілетіне күмән келтіріп, өзара келіспеушілік болғанын да жасырмады:

— “Зеленскийдің қаншалықты компетентті екенін білмеймін. Біз онымен шекісіп көрдік. Бірақ ол сұраған сайын, одан да көп сұрай берді,” — деді.

— “Путинге келсек, ешкім періште емес. Бірақ менің президенттігімнің төрт жылында мұндай жағдай болған жоқ,” — деп сөзін қорытты Трамп.