Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Украина басшылығын ауыстыру қажеттігін мәлімдеді. Оның айтуынша, ел келісім жасай білетін жаңа көшбасшы табуы керек, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

РБК дерегінше, Трамп бұл мәлімдемені Теннесиге аттанар алдында журналистермен кездесуде жасаған. Оның айтуынша, Украинаға жаңа көшбасшы сайлайтын уақыт келген.

«Мен оларға келісім жасай білетін жаңа көшбасшы табуды ұсынамын. Ол көптеген келісім жасай алар еді, бірақ қандай да бір себептермен оны ешқашан жасамайды», — деді ол.

Америка көшбасшысы егер өзі президент болса, бұл қақтығыс «ешқашан болмас еді» деп атап өтті. «Барлығы құзыретсіздіктен басталды», — деп қосты ол. Трамптың айтуынша, Украина өз аумағының 30 пайызын жоғалтып алған.

«Меніңше, Украинаға жаңа президент керек», — деп түйіндеді ол.

Украина тарапы да бірден жауап қайтарды. Жағдайды Украина Сыртқы істер министрлігінің басшысы Андрей Сибига түсіндірді. Зеленский «украин халқының қолдауына ие», және дәл халық «шешім қабылдауға құқылы», деп атап өтті Сибига.

«Шетелден айтылған мәлімдемелер оның (Владимир Зеленский — ред. еск.) өз міндеттерін тамаша атқарып жатқанын растайды», — деп түйіндеді украин сыртқы саяси ведомствосының басшысы X әлеуметтік желісінде.