Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Вашингтонда салынатын Триумф аркасын қарулы күштердің мұқтажына бейімдеу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үйдің басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Америка көшбасшысының айтуынша, бастама әскерилердің өздерінен шыққан. «АҚШ Қарулы күштерінің шұғыл сұранысымен және Ұлттық қауіпсіздік мақсатында мен Азамат соғысы кезінен жоспарланған ұлы Триумф аркасын жоғары деңгейлі Әскери кешен / Триумф аркасы етіп қайта жабдықтауға келістім», — деп келтіреді оның сөзін NUR.KZ.
Трамп нысанды жедел қолдануға болатын көптеген ұшқышсыз ұшу аппараттарын орналастыру мен сақтауға пайдалану жоспарланғанын нақтылады. Сонымен қатар арканың төбесінде және іргелес алаңда мергендерді орналастыру, ал кешен ішінде мерген қаруына арналған оқ-дәрілерді сақтау жоспарлануда.
«Бұл нысанға ұқсас ештеңе әлемнің ешбір жерінде болмайды. Ең үлкен 59 қала мен астананың ішінде Вашингтон — әлемде Триумф аркасы жоқ жалғыз қала, бірақ енді ол пайда болады және сөзсіз бәрінен де ұлы болады!» — деп түйіндеді АҚШ президенті.


