Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Венесуэла аумағында америкалық әскери база пайда болуы мүмкіндігін жоққа шығармады. Оның айтуынша, бүгінде екі ел арасында қарым-қатынас жақсы, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ақ үйде журналистер американдық көшбасшыға тиісті сауал қойды: АҚШ Венесуэлада немесе Оңтүстік Америкада әскери база салу мүмкіндігін қарастырып жатыр ма.
«Біз түрлі іс жасау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Білетініңіздей, біздің (Венесуэламен — ред.) қарым-қатынасымыз өте жақсы», — деп келтіреді оның сөзін РИА Новости.
Ақ үй басшысы сондай-ақ Венесуэла тұрғындары бақытты екенін, өзінің де бақытты екенін мәлімдеді.
Еске салайық, жақында Дональд Трамп Венесуэламен «әлем тарихындағы ең ірі» мұнай мәмілесін жасасқанын жариялады. Кейінірек Венесуэланың уақытша президенті Дельси Родригес ұлтқа үндеуінде АҚШ-пен мұнай келісімі аясында елдің табысы туралы айтты.
Мәміле жасалғаннан кейін Трамп венесуэлалық мұнай АҚШ-тың стратегиялық қорларын толықтыратынын мәлімдеді. Ол мұны «америкалық халыққа сый» деп атады.
Сондай-ақ Трамп бірнеше күн бұрын Венесуэланы бақылау арқылы АҚШ ұлттық қорларын жақын арада толтыратынын айтты.


