АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Зеленскийдің зымыран жеткізу туралы өтінішіне жауап беріп, қордың Американың өзіне қажет екенін айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Трамп бұл туралы Ақ үйдің ресми YouTube-аккаунтында тікелей эфирде көрсетілген Овал кабинеттегі шара барысында мәлімдеді. Америка президенті Джо Байден әкімшілігі Киевке орасан зор қару-жарақ жеткізгенін еске салып, АҚШ-тың да қаруға мұқтаж екенін атап өтті.
«Біз Украинаға орасан көп оқ-дәрі жеткіздік. Байденнің адамдары мұны тегін жасады... Бізге де зымыран қажет. Байден оған 300 миллиард долларға оқ-дәрі берді», – деді Трамп.
Ақ үй басшысы сондай-ақ президенттіктен кеткеннен кейін Джо Байден қару қорын таратып жібергенін айтып, қазір АҚШ-қа қару қорын қайта толтыруға тура келетінін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін CNN АҚШ-тың Иранмен қақтығыс кезінде ПРО жүйелері қорының шамамен 80 пайызын жұмсағанын хабарлаған еді. Кейін Washington Post газеті хабардар дереккөздерге сілтеме жасап, Дональд Трамптың әскери қордың таусылуына байланысты Пентагоннан түсініктеме талап еткенін жазды. Осы хабарламалар аясында Ақ үй басшысы АҚШ-та оқ-дәрі қорының мол екенін айтып, қару тапшылығы туралы ақпарат таратқандарға түрме жазасымен қорқытты.


