Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Владимир Зеленский мен Владимир Путинді келісімге келуге шақырды. Оның айтуынша, тараптар қатты суық түскенше уағдаласа алады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Зеленскийден нені қалайтынымды білесіздер ме? Ол келісім жасасын деп қалаймын. Ол Путинмен, ал Путин онымен келіссін деп қалаймын», — деді Трамп 26 қыркүйекте Fox News-пен әңгімесінде.
Америка көшбасшысы Путин мен Зеленскийдің жақын арада, «мүмкін, қатты суық түскенше» келісімге келетініне үміт білдірді.
«Бір күні, мүмкін жақын арада, ал мүмкін қатал қыс түскенше олар келісім жасайды деп үміттенемін», — деді АҚШ президенті.
Бұған дейін Кремль Путин мен Зеленскийдің кездесуі сарапшылардың алдын ала жұмысынсыз орынсыз екенін мәлімдеген.
«Әзірге бейбіт келіссөздерге шығудың ешқандай алғышарты жоқ. Дегенмен біз, ресейлік тарап ретінде, бейбіт келіссөздерге ашықтығымызды сақтаймыз», — деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, деп хабарлайды РБК.
Песков сондай-ақ Зеленскийге Мәскеуге келу туралы ұсынысты еске салды. Оның айтуынша, украин президентіне қауіпсіздік кепілдіктері беріледі және ол «қандай шешімдер қабылдау керектігін жақсы біледі».


