АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийдің соғысты аяқтағанын қалайтынын мәлімдеді. Бұл туралы американдық көшбасшы Вашингтонда украиналық әріптесімен кездесуден кейін айтты, деп хабарлайды infohub.kz.
«Мен оның соғысты аяқтағанын қалаймын. Барлығы өте қарапайым», — деді Трамп.
АҚШ президентінің айтуынша, ол Зеленскиймен де, Ресей президенті Владимир Путинмен де жақсы қарым-қатынаста. «Мен екеуіне де жақсы қараймын. Мен оларға: «Соғысты тоқтатыңдар», — дедім», — деп қосты американдық көшбасшы.
Германияның Bild басылымы Владимир Зеленский Дональд Трамптың жаңа «сүйіктісіне» айналғанын жазды. Журналистер 2025 жылы Ақ үйдегі шиеленісті кездесуден кейін АҚШ пен Украина көшбасшылары арасындағы қарым-қатынастың айтарлықтай жылығанына назар аударды. Соңғы кездесуде Трамп Зеленский туралы бұрынғыдан гөрі жылы сөйледі.
Трамп пен Зеленский 28 шілдеде Вашингтонда кездесті. Тараптар Ресеймен келіссөздерді қайта бастау, Украинаның әуе қорғанысын нығайту және Украина аумағында Patriot зымыран-ұстағыштарын өндіру мүмкіндігін талқылады.
Кездесуден кейін Зеленский келіссөздер «жақсы форматта» өткенін хабарлады. Оның сөзінше, басты тақырыптардың бірі — Украинаның әуе қорғанысы және Вашингтон мен Киевтің одан әрі ынтымақтастығы. «Біз дипломатия туралы да сөйлестік — дипломатиялық процесті қайта бастау маңызды. АҚШ-қа мықты қолдауы үшін алғыс білдіремін», — деп жазды Зеленский.
Бұған дейін Трамп жанжалдың жақын арада реттелетініне сенетінін және украиналық әрі ресейлік тараппен келіссөздер жүргізіп жатқанын бірнеше рет мәлімдеген.


