Қысқа мерзімді жоспар
Геометрия 8 сынып
Тақырып: Трапецияның орта сызығы
Мақсаты:
1. Трапецияның орта сызығы тақырыбын игерте отырып, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру, зерттеушілік әңгіме негізінде ой - өрістерін, ойлау қабілетін дамыту, өзін - өзі бақылау арқылы өздеріне деген шынайы түсінік негіздерін жүйелету, «мұғалім - оқушы», «оқушы - оқушы» сұхбаты арқылы тақырып бойынша түсінікті дамыту және мағынасын ашу
2. АКТ ақпаратын пайдалану және бағалау арқылы білім деңгейлерін саралаумен қатар өзіндік тиімділігін жоғарылата отырып, пәнге қызығушылығын арттыру
3. Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, өзара әлеуметтік қарым - қатынастың орнауына ықпал ету, адамгершілікке, бір - бірін құрметтеуге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларда тақырыпқа байланысты негіз қалыптасады, өзін - өзі және бірін - бірі бағалауы арқылы өз ісін ретке келтіреді, алынған нәтижелеріне сыни көзқарасы, мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік пен сенім қалыптасады, сабақ процесіндегі оқушыларының өзара сөйлесуіне, пікір алмасуына жасалған жағдайлар оларды еркін және ерікті түрде ойлауға жетелейді.
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Карусель» тренингін ойнату
Күннің жадын жазу.
Қызығушылықты ояту
Өткен тақырыпқа шолу жасау мақсатында математикалық диктант жаздыру.
Топқа бөлу «айсберг» ойыны арқылы жүзеге асады.
Жаңа тақырыпты ашу үшін ребус ұсыну, тақтаға сабақ тақырыбын жазу.
Мағынаны тану
Жаңа сабақ «ДЖИГСО» әдісімен меңгеріліп, қосымша мұғалімнің түсіндірмесі беріледі, «зерттеушілік әңгіме» түріндегі талқылау.
Оқулық бойынша есеп шығарту. Әр топқа оқулықтан есептер бөліп беру, кейбір оқушыларға (үлгерімі төмен және үлгерімі өте жоғары) жекелей тапсырмалар беру.
Әр топқа төрт есеп және фигура бөліктері беріледі, жауап негізінде фигураны құрап, жаңа топқа бөлінеді
«Сен – маған, мен - саған» әдісі бойынша бір – біріне есептер ұсыну.
Пән мұғалімі: Мұхтарова Гүлдана Таңжарбайқызы
Трапецияның орта сызығы. жүктеу
Трапецияның орта сызығы
Қысқа мерзімді жоспар
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз559 қаралым
#қысқа мерзімді жоспар#геометрия 8 сынып#трапецияның орта сызығы
Ұсынылады
Қазақстанда Аналар күні аталып өтті: Ананың рөлі мен мемлекеттік қолдау
Қазақстанда Аналар күнін атап өту аясында аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен ананың қоғамдағы рөлі туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 10 мамыр
85 жастағы Қарағанды тұрғыны арнайы білімі болмаса да, күрделі математикалық есептерді шешеді
Ермекбай Жолдыбеков есімді қария натурал сандарды қосудың өзіндік әдісін ойлап тауып, ғылыми жарияланымдарда жарық көрген.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 наурыз
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Математика – халық ауыз әдебиетінде
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

