АҚШ президенті Дональд Трамп Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноны БҰҰ Бас хатшысы қызметіне ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды infohub.kz.

New York Post газетінің америкалық көшбасшыға жақын дереккөзге сілтеме жасауынша, 56 жастағы Инфантино әлем чемпионатына дайындық кезінде Трамппен жақындасқан. ФИФА басшысы Трампты өзіне тартуға белсенді әрекет етіп, оны түрлі іс-шараларға қатыстырған. Атап айтқанда, өткен жылдың желтоқсанында Инфантино Трампқа ФИФА тарихындағы тұңғыш Бейбітшілік сыйлығын табыстаған.

АҚШ президентіне жақын дереккөздің хабарлауынша, Трамп Инфантиноны бүкіл әлемде құрметке ие және адамдарды біріктірудің бірегей қабілеті бар адам деп санайды. БҰҰ Бас хатшысының жаңа сайлауы 2026 жылы өтеді – ол желтоқсан айының соңында қызметінен кететін Антониу Гутерришті алмастырады.