АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерге жасалған әрбір шабуыл үшін американ әскері Иранның көпірлері мен электр станцияларын бомбалайтынын ескертті, деп хабарлайды infohub.kz.

Ақ үй басшысы бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды: «Осы сәттен бастап, егер Иран Ислам Республикасы Ормуз бұғазындағы кез келген кемеге оқ жаудырса — зымыранмен, реактивті снарядпен, ұшқышсыз ұшу аппаратымен немесе кез келген басқа қарумен — Америка Құрама Штаттары соққы беріп, Тегеран маңындағы немесе тікелей Тегерандағы бір көпір немесе электр станциясын жояды».

Бұған дейін Тегеранда Иран армиясы Кувейттегі американдық базадағы HIMARS жүйелеріне соққы бергені хабарланды. Британдық теңіз сауда операциялық орталығы Оман жағалауында белгісіз снарядтан танкердің зақымданғанын хабарлады. Кеше Ислам революциясының күзет корпусы (ИРКК) АҚШ жойғыш ұшағын жойып, Amazon компаниясының деректер орталығын зақымдағанын мәлімдеді.

Ал Bloomberg агенттігі Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі АҚШ-тың Иранға соққы беруі үшін британдық базаларды пайдалануға рұқсат бергенін хабарлады. АҚШ соғыс министрі Пит Хегсет Иранмен қақтығысқа қазіргі уақытта 37,5 миллиард доллар жұмсалғанын мәлімдеді.